Қазақстанда қолжетімді баспана саны артады

Қазақстанда қолжетімді баспана саны артады

Еуразиялық даму банкі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасына қаржы бөледі.

Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) және «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ (ҚБК) қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін жалпы сомасы 3,5 млрд. рубль болатын несие шартына қол қойды.

Бағдарламаны қаржыландыру елімізде қолжетімді тұрғын үй салуға мүмкіндік беріп, баспана санын арттыруды көздейді. Үкіметтің ресми мәліметінше, 2020 жылы коронавирус пандемиясына қарамастан құрылыс экономикалық белсенді саланың бірі болған.


Саладағы өсім – 11,2%. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 16,8%-ға өсіп, 15,3 млн м2 болды. Биыл 17 млн м2 тұрғын үй салынады деп жоспарланып отыр, саладағы инвестиция көлемі – 2,2 трлн теңге. 2021 жылы тұрғын үй құрылысында қаржыландыру көлемін ұлғайту үшін ҚБК Ұлттық қордан бөлінген қаражатты әрі қарай бірыңғай ставка бойынша ЖАО облигацияларын сатып алып,микширлеу тетігін іске асырады. Осылайша, нарықтан тартылған қаражат есебінен ЖАО облигацияларын сатып алу көлемі орта есеппен жыл сайын 61,5 млрд теңгеге өседі. Қолжетімді тұрғын үй салу 340 мың шаршы метрге артады немесе 5,6 мың жаңа пәтер салынады.