​Қазақстандық боксшы халықаралық турнирде чемпион атанды

​Қазақстандық боксшы халықаралық турнирде чемпион атанды

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов "Санкт-Петербург губернаторының кубогы-2021" халықаралық турнирінде алтын медалды жеңіп алды, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Sports.kz- ке сілтеме жасап

Финалда қазақстандық боксшы қарсыласы ресейлік Имам Хатаевты нокдаунға жіберді. Жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен Бекзат Нұрдәулетов өз салмағында турнир чемпионы атанды.

Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов – 2019 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы.Ал Имам Хатаев екі рет Ресей чемпионы болған (2019, 2020), сонымен қатар студенттер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті (2014).