Қазақстандықтар құжаттарын латын қарпіне көшіруі қажет пе?

Қазақстандықтар құжаттарын латын қарпіне көшіруі қажет пе?

Ішкі істер министрлігі латын әліпби бойынша адам есімі мен тегін жазу ережелерін әзірлейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

ІІМ баспасөз қызметінің ресми хабарламасында қазақстандықтардың жеке куәлігі мен басқа да құжаттарды мемлекеттік тілде латын графикасы негізінде беру 2025 жылға дейін іске асатыны айтылған.

- Латын әліпбиіне көшсек, жеке басты куәландыратын құжаттар адамдардың өтініші бойынша ауыстырылады. Бұған дейін алынған құжаттар қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады, - деп атап өтті министрлік өкілдері.

Латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мақұлдау кезеңінде тұр.

Бұған дейін мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов 2021 жылы Қазақстанда тұрғындардың аты-жөнін латын графикасындағы әліпби бойынша жазу ережелерін әзірлеу жоспарланғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, географиялық нысандар мен олардың бөліктерінің атауын латын графикасы негізінде стандарттауды әзірлеу жоспарланған.