​Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?

​Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар 2021 жылдың наурызында 19 күн жұмыс істеп, 12 күн демалады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бірінші мереке - Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз), дүйсенбіге түсіп тұр. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар наурызда қатарынан үш күн демалады.

Наурыз мейрамында ел тұрғындары бес күн демалады. Ресми демалыс күнінің бірі жексенбіге түсіп тұрғандықтан демалыс сәрсенбіге ауысады.

Осылайша қазақстандықтар наурыз айында небәрі 19 күн жұмыс істейді.

Айта кетейік,ағымдағы жылы аптасына бес күн жұмыс істейтін қызметкерлер 120 күн демалады.

Фото: ашық дереккөз