Ұлыстың ұлы күні 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Биылғы жылы Наурыз мейрамының бірінші күні жексенбіге келеді, сондықтан бұл күндегі демалыс 24 наурыз, сәрсенбіге ауыстырылды.
Нәтижесінде қазақстандықтар Наурыз мейрамында 5 күн - 20, 21, 22, 23, 24 наурызда демалады (бес күндік жұмыс аптасына қатысты).
Бейсенбі күні, яғни 25 наурызда жұмысқа шығады.
Ал Алты күндік жұмыс аптасына қатыстылардың демалыс күндері 21, 22, 23, 24 наурызға келіп түседі.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта болғандықтан,бұл қалаларда мерекелік іс-шаралар тоқтатылған.
«Қауіпті аймақ» тұрғындары Наурызды өз үйінде отбасы шеңберінде тойлайды.
Шымкент қаласы эпидахуал бойынша "жасыл" аймақта тұрғандықтан, Наурыз мерекесіне қарсы бірқатар іс-шаралар легі санитарлық талаптарды сақтай отырып, өтуде.