Қазақстанға қай елдің азаматтары визасыз кіре алады?

Қазақстанға қай елдің азаматтары визасыз кіре алады?

2021 жылы азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алатын елдердің тізімін 90-ға дейін көбейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы мәдениет және спорт министрің орынбасары Ғабидулла Әбдірахымов айтты.

Сонымен қатар ол ведомство айналысып жатқан тағы бірнеше жобалар жайында сөз етті. Бірінші - шетелдіктер үшін визасыз кіру (бұл электронды визаны алу процесін жеңілдету үшін қажет). Екіншісі E-Qonaq жүйесімен байланысты жоба, соның арқасында шетелдіктерге тіркелу үшін ауыр процестен өтудің қажеті жоқ.

Сондай-ақ, біз қазірдің өзінде пилоттық режимде 160 қонақүйде жүйені енгізуді аяқтадық. Осы жүйенің арқасында кез келген шетелдік турист бөлек тіркелудің қажеті жоқ. Шетелдік азамат қонақүйге кірген кезде автоматты түрде өтіп қояды, - деді спикер Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында.

Қазір 105 мемлекеттің азаматтары үшін Қазақстанға электронды визалар енгізілді.

30 күнге дейінгі мерзімге келген кезде шетелдіктерді тіркеу тоқтатылды және көші-қон карточкалары да жойылды. Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту басталды. Сондай-ақ, біз шетелдік әуекомпаниялардың еліміздің 11 қаласына ұшып келіп, жолаушыларды алып кетуі үшін оларды іске қосуды бастадық (Open Sky режимі), - деп еске салды Ғ.Әбдірахымов.