ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жариялады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
2021 жылдың 20 сәуіріндегі жағдайы бойынша:
«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.
«Сары аймақта» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр.
«Жасыл аймақта» әзірге Қостанай мен Түркістан облыстары ғана.
Еске сала кетсек, кеше Ақмола облысы «қызыл аймақтан» шығып «сары аймаққа» өткен болса, бүгін қайтадан «қызыл аймақта» орналасты.
Айта кетейік, 20 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 733 980 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Ал 122 926-сы екінші компонентті салдырған.