«ВИЗиТ» ЖШС-ы «Денсаулық» сериясын қолданып, өнімдерді дәрілік шөптер мен тамырлардың инфузиясы қосылған табиғи шикізаттан әзірлейді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Кәсіпорын өндіретін алкогольсыз «Буратино», «Дюшес», «Тархун», «Лимонад» табиғи сусындар тарихы 1930 жылдан бастау алады.
1991-1998 жылдары «Pepsi-Cola», «Coca-Cola» компаниялармен жұмыс істеп, өндірісін жетілдірді.
2006 жылы кәсіпорынға «KRONES» автоматтандырылған құю желісі орнатылып, сағатына 12,0 мың бөтелке өндіруге қол жеткізді. Мұнан бөлек, GPS спутниктік навигация жүйесі енгізіліп, ескірген жабдықтар ауыстырылды. Сусындарды дайындауда көмірқышқыл газымен қанықтырудың озық технологиялары игерілңп, өндіріс қуаттылығы 3 есеге артты.
2019 жылы айналым қаражатын толтыру үшін компания «Даму» қорына жүгінді. Екінші деңгейлі банктен 14,95% несие рәсімдеп, оның 8,95% «Даму» Қоры субсидиялады.
Сапалы сусын өндіретін «ВИЗиТ» алкогольсіз сусындар зауыты» 2019 жылы «Алтын сапа» президенттік байқауында «Қазақстанның үздік тауары» номинациясы бойынша жеңімпаз болды.
Бүгінде «ВИЗиТ» алкогольсіз сусындар зауыты» ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізу арқылы жаңа өнім түрлерін көбейтіп отыр.