​Қазгидромед: Бес өңірде «қызыл» деңгей жарияланды

​Қазгидромед: Бес өңірде «қызыл» деңгей жарияланды

Қазақсанда ауа райына байланысты бес өңірге «қызыл» деңгей жарияланды, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап

Олар Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау және Қостанай облыстары.

Ескерту картасында Павлодар, СҚО, БҚО және Жамбыл облыстары сарғылт түспен белгіленген, Бұл аймақтарда да ауа райы күрт ысиды деген болжам бар. Ескерту тек ШҚО-да жоқ. Бұл өңір қазір «жасыл» деңгейде тұр.

Сонымен бірге синоптиктер дауылды ескерту жариялап отыр.

Ақмола облысында кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстгінде, Қарағанды облысында 41 градусқа дейін ыстық болады.

Қызылорда облысында 3 шілдеден 5 шілдеге дейін 45 градус ыстық болса,

4-5 шілде күндері күндіз Атырау облысында ауа температураы 41 градусқа көтеріледі.

Қарағандыда 3 шілдеде күндіз 35-36 градус ыстық болады.

Маңғыстау облысында 40-41, Ақмола облысында 41, Атырау облысында 38, Ақтөбе облысында 39 градус ыстық болады.

Ал Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай мен бұршақ күтілуде.