Қазақстанда 40 градус ыстық күтіледі, деп хабарлайды Shymkentaqparat
"Қазгидромет" синоптиктері 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
- Еліміздің батысында 30-39 градус жылу күтіледі, тіпті солтүстік жартысында да термометр бағаны күндізгі уақытта 32-38 градусты көрсетеді. Оңтүстікте 30-40 градус аптап, шығыста 30-36 градус ыстық болады. Алайда 27 мамырдан бастап батыс және солтүстік аймақтарға Батыс Еуропа аудандарынан келетін антициклон әсер етеді. Батыс өңірлерде температура бағаны 25-33 дейін, солтүстік өңірлерде 18-28 дейін айтарлықтай төмендейді, - делінген хабарламада.
Болжамға сәйкес, 25-26 мамырда Қазақстан аумағында ауа райы қалыпты болады. Оңтүстіктен жылы және құрғақ ауа массаларының келуіне байланысты күн ыстық және құрғақ болады.
Ал Шымкентте ауа температурасы күндіз +36+38 °-қа дейін, түнде +21+23°-қа дейін ыстық болады. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді.