​Қазгидромет: Боран болады

​Қазгидромет: Боран болады

Алдағы күндері еліміздің батысы мен солтүстігінде күн суытады, деп хабарлайды Shymkentaqparat «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Суық ауа массалары бар солтүстік-батыс антициклоны салдарынан республикамыздың батысында және оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді. 17-18 ақпанда Түркіменстандағы Оңтүстік циклон оңтүстік-батыс бағытта қозғалып, Қазақстанның солтүстік аймағының орталық және оңтүстік бөлігіне ауысады. Жаңбыр, қар жауып, елдің солтүстігі мен батысында қарлы боран болады,- делінген ресми хабарламада.

Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі байқалады.

Ал Шымкентте күн райы қалыпты. Метеорологтардың мәліметінше, 17-18 ақпан күндері үшінші мегаполисте ауа температурасы күндіз +18+20 градусты көрсетсе, түнде +5 +7 градусқа дейін жылы болады. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с.