«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 26-28 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды shymkentaqparat
«Қазақстанның солтүстік жартысы жылы атмосфералық фронттың жолына түседі. Оның әсерінен аспанды бұлт торлап, қар жауады, аяздың беті қайтады» - делінген kazhydromet.kz ресми сайтында
Сонымен бірге республика бойынша кей жерді тұман басып, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын болатыны туралы болжам бар.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 26-28 қаңтар күндері сынап бағанасы +3+5 ℃ шамасында болмақ.