Қазгидромет: күн қайта суытады

Қазгидромет: күн қайта суытады

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz

«Оңтүстік циклон орталығы Каспий теңізінің үстінде, солтүстік-шығыс бағытта жылжып, жауын-шашын, желдің күшеюін, солтүстікте боранмен, оңтүстікте - көктайғақ тудырады. Алайда, 21 қаңтарда еліміздің батыс өңірлеріне антициклон жотасы әсер ете бастайды, онымен жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының түнде 22...30℃ дейін төмендеуі күтіледі», - делінген kazhydromet.kz ресми сайтында.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 18, 19 және 20 қаңтар күндері ауа райы болжамы +10-12℃ шамасында болмақ.

Фото: ашық дереккөз