«Қазгидромет» РМК алдағы 3 күнге, яғни 23-25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды shymkentaqparat
«Атмосфералық фронттардың жылжуының әсерінен, қар жауып бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. Соның әсерінен ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді» - делінген kazhydromet.kz ресми сайтында.
Шымкентте толассыз жауған қар тоқтар емес. Қалада желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетті. Кешеден бері қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Олар қоймадағы барлық инертті материалдарды пайдаланып, жол тазалап жатыр.
Ел-жұртты әбігерге салған ауа райы көлік жүргізушілерін де қыспаққа алды. Шымкент қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қалада бір тәулік ішінде 51 жол-көлік апаты орын алған.
Ертең, яғни 24 қаңтар қалада тағы да күн райы бұзылып, бұрқасын соғып, жел күшейеді деген болжам бар. Бұдан бөлек Алматы – Ташкент – Термез республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы тоқтады. Мамандар қала тұрғындарын ұзақ жолға шықпауын ескертеді.
Фото: Ернар Мамыр