Қазақстанда 40 градус ыстық болады деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Метеорологтар мәліметі бойынша, атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Оңтүстіктегі жекелеген аудандарда құмды дауыл болады.
- Батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте - 30-35 градусқа дейін, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыста - 25-38 градусқа дейін, оңтүстікте - 35-40 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі деп күтіледі, - делінген хабарламада.
Ал Шымкентте ауа температурасы күндіз +38 +40 °-қа дейін, түнде +21+23°-қа дейін ыстық болады. Көшпелі бұлтты, ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді. Кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы: 8-13, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.