Шымкентте алдағы күндері жауын-шашын күтілуде, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қазгидромет 23-25 ақпан аралығына арналған болжамын жариялады.
«Ресей аймақтарынан циклонның жылжуына байланысты, таңертең және күндіз жаңбыр күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде күші 8-13 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с болады. Соның әсерінен ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді», - делінген ресми хабарламада.
Бүгінгі жауған жаңбыр 3 күнге жалғасып, соңы қарға ұласуы мүмкін.