"Қазгидромет" РМК 16-18 наурыз аралығында республикада ауа райының жылынатынын айтты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы жоғарылайды.
«Шымкентте антициклонның оңтүстік перифериясының ықпалында болу әсерінен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с, кей уақытта екпінді болады. Соның әсерінен ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді»,- деп мәлімдеді Қазгидромет.
Аптаның аяғында жауын-шашын болуы мүмкін.Фото: Самат Мырзалиев