«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәуліктегі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
- Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі фронталды бөліктердің ықпалында болып, жаңбыр жауады.
10 маусымда Қазақстанның орталығында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, қатты жел соғады, нөсер жаңбыр мен бұршақ күтіледі.
Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл сақталады.
Солтүстік-батыстан ығысатын кезекті суық антициклон еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне алып келеді: түнде 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін. Күндіз 17-22, кей жерлерде 25 градус жылы болады. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, - деді синоптиктер.
Ал Шымкентте күндіз +37+42, т.нде +22+27 ыстық болады. Кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы: 8-13, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Фото: Ашық дереккөз