​«Қазыбек» базары уақытша жабылды

​«Қазыбек» базары уақытша жабылды

Шымкентте жолайрық құрылысының ІІ кезеңінің басталуына байланысты «Қазыбек» базары уақытша жабылды, деп хабарлайды shymkentaqparat.kz

Базар кәсіпкерлеріне сауда жасау үшін «Бірлік», «Барыс» және «Жібек жолы» базарларынан уақытша 6 ай мерзімге тегін орындар ұсынылды.

Алдағы уақытта Бәйдібек би көшесінің бойындағы «Бахыт» базарының кәсіпкерлерін де тегін орындармен қамту жоспарланған.

Бұл ауыс-түйіс туралы 11 қаңтарда нысан басшыларына арнайы ескертулер жасалып, хабарламалар таратылған.


Айта кетейік, Рысқұлов–Қонаев қиылысындағы жолайрықтың II кезеңі күні кеше басталды.

Осыған орай «Роял» клубы тұсынан Т.Рысқұлов көшесіне дейін және Бәйдібек би даңғылы Т. Рысқұлов көшесінен М.Дулати көшесіне дейін жол уақытша жабылмақ.

Көлік қозғалысы М.Дулати, Қазыбек би, Байырқұм, А.Байтұрсынов көшелеріне бағытталды.