Енді қажылыққа баратындар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруы қажет, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Сауд Арабияның Денсаулық сақтау министрі Тауфик ар-Рабиа мәлімдеді.
Былтырғы жылы бұрын парызын өтемеген 10 мың адамға ғана қажылық жасауға рұқсат етілді. Оның 30%-ы – Сауда Арабиясының азаматтары, 70% -ы – сол елде тұратын шетелдіктер.
2020 жылдың қараша айынан бастап коронавирусқа шалдықпағанын растайтын ПТР тест анықтамасы бар 50 жасқа дейінгі азаматтар қажылыққа келе бастады.