Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде іс-шаралар кешенін қабылдау қажет, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімдеді.
- Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі тіркелді. Осыған байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөнінде іс-шаралар кешенін қабылдау қажет. Ол үшін 44 жедел іс-шарадан тұратын жол картасы әзірленді, - деді Әлихан Смайылов.
Оның атап өтуінше, іс-шаралар ең алдымен, азық-түлік өндірісін ынталандыруға және олармен ішкі нарықты молықтыруға, тамақ кәсіпорындары үшін шикізатты арзандатуға, тауар интервенцияларын жүргізуге, нарықтың жосықсыз қатысушыларына қатысты тексерулер жүргізуге бағытталған.
- Сондай-ақ, қосымша іс-шара ретінде ішкі нарыққа жеткізу бойынша мемлекеттік қолдау іс-шараларын алу кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілері үшін қарсы міндеттемелер белгілеу көзделеді. Осылайша, Жол картасы бойынша нақты орындаушылар мен мерзімдер белгіленді. Жауапты мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдіктері осы іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі қажет, - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.