Шымкентте осы жылдың I тоқсанында Жыл басынан бері 3500 шаршы жолдың ойық шұңқыры бітеліп, 1000 шаршы метрге тегістеу қабатын салу жұмысы атқарылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Шаһарда асфальтталған жолдардың жалпы ұзындығы – 2 029,2 шақырым. Осы бағыттағы жөндеу жұмысы бірінші кезекте көлік қарқыны жоғары және қала орталығындағы магистралды көшелердежүргізіліп отыр.
Атап айтқанда, Жолан батыр, Саттарханов, Қазиев, А-2 автомобиль жолы, Бекболатов, Т.Рысқұлов (Дулати-Сайрам), Елшібек батыр және Тәуке хан көшесінде (Сайрам-Өндірістік аймаққа дейін) ойық шұңқырлар бітеліп, қалпына келтірілді.