Шымкентте көлік кептелісін реттеу мақсатында 11 көше қиылысына оң жақ өткел салынады, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исақов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
- Қалада қазір жалпы саны 60 оң жақ өткел бар. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде қосымша 45 орынның қажеттілігі анықталған. Мамандардың айтуынша, биыл 11 көше қиылысына оң жақ өткел салу жоспарланып отыр. Олардың қатарында Т.Рысқұлов-Ж.Шаяхметов, Ж.Шаяхметов-Н.Назарбеков, Арғынбеков-Бәйтереков, Сыпырған ата-Әл-Фараби, Арғынбеков-Өтегенов, Сыпырған ата-Темірлан тас жолы, Т.Рысқұлов-Адырбеков, Т.Рысқұлов-Қазиев қиылыстары бар,-делінген хабармада.