КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖОБАЛЫҚ ТОП ҚҰРЫЛДЫ
Мемлекет басшысы берген тапсырмаларға сәйкес, Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен кеңесте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі министр Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен көлік-логистика саласын цифрлық трансформациялау бойынша ведомствоаралық жобалық топтың құрылуын ұсынды.
Жобалық топ Цифрлық даму министрінің бұйрығымен құрылды. Құрамына көлік, ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция, қаржы министрліктерінің, мемлекеттік кірістер комитетінің, «Қазақстан темір жолы», сондай-ақ авиация және логистика салаларындағы ірі қатысушылардың өкілдері енді.
Топтың мақсаты — транзиттік және мультимодальды тасымалдардың тиімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді жоюға және саланың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі цифрлық шешімдерді әзірлеу.
Жобалық топтың негізгі міндеттері:
Жобалық топ апталық спринттер форматында жұмыс істейді. Бұл тәсіл барлық бағыттар бойынша тұрақты ілгерілеуді қамтамасыз етеді.
Қойылған міндеттерді жедел және фокусталған іске асыру үшін бейінді ведомстволар мен ұйымдардың қызметкерлері толық жұмыспен қамту жағдайында жобалық топтағы жұмысқа іссапарға жіберілді.