Көлікті мамандандырылған ХҚО-да сақтандыруға болады

Көлікті мамандандырылған ХҚО-да сақтандыруға болады

Шымкентте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының пилоттық жобасы аясында енді азаматтар мамандандырылған ХҚО-ларда көліктерін бірден сақтандыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Мұндай қосымша қызмет бұған дейін пилоттық жоба ретінде биыл маусым айында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында іске қосылған болатын.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиал директорының орынбасары Айдос Ашетовтың сөзінше, клиентке автокөлікті қайта ресімдеу кезінде оператор электронды сақтандыру полисін рәсімдеуді ұсынады. Бұл азаматтардың уақыты мен шығынын үнемдеп қана қоймай, адами факторды толығымен жояды.

Сақтандыру полисін рәсімдеу үшін, жүргізушінің ЖСН, телефон нөмірін, мемлекеттік тіркеу нөміріндегі деректерді және көліктің VIN-кодын ұсыну қажет. Өтінімді толтырғаннан кейін, клиентке электронды сақтандыру полисі сәтті тіркелгені туралы SMS келеді. Полисті тіркеу үшін 10 минут жеткілікті, - деп атап өтті Айдос Ашетов.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласындағы барлық ХҚО-лар клиенттерді тек алдын ала брон арқылы қабылдайды. Кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады