Заң консультанты-жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға болып табылады.
Адвокат мәртебесін алу талаптарымен салыстырғанда, заңгерлік қызметпен айналысатын адамдар заң консультанты болу олар үшін қол жетімді. Заң консультантының мәртебесін кез-келген ұйымның кез-келген штаттық заңгері ала алады, ал заң кеңесшісінің қызметімен айналысуға лицензия алу талабы жоқ.
Әрине, адвокаттардың құқықтарымен салыстырғанда заң консультантының құқықтары шектеулі. Дегенмен, бұндай ерекшеліктер әртүрлі саладағы, әртүрлі құқықтық қатнастардағы мәселелерді шешуде, сонымен қатар, уәкілетті органның заң көмегі саласындағы қадағалау функциясына артық жүктеме жасамайтын «реттеу» функциясы болып табылады.
Елімізде заңгер мамандығы бойынша мамандардың шамадан тыс артық екендігі бәрімізге белгіді, тіпті Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше заңгерлер елімізде ең сұранысқа ие емес мамандық, мәселен 1200 бос жұмыс орнына 5 мыңға жуық түйіндеме түскен. Бұл тұста заңгер мандығын аяқтаған мамандардың көп екендігі шын мәнінде талантты заңгерлердің көп екендігін білдірмейді. Қазіргі уақытта талантты заңгерлердің тапшы екенін мойындауымыз керек.
Осыған дәлел ретінде жақында ғана әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістерді айтуға болады. Аталған жаңашылдық бойынша енді әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамға мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында заң консультанттары білікті заң көмегін көрсете алады және сотта қорғай алады. Бұл орайда, Парламенттің Республикалық адвокаттар алқасының қарсылығына қарамастан келісуі еліміздегі қылмыстық және әкімшілік істердің саны мен лицензияланған заңгерлердің саны бойынша статистикалық мәліметтер бойынша орташа есеппен шаққанда әрбір адвокатқа түсетін істің саны белгіленген нормадан асуы және адвокаттарға түсетін еңбек ауыртпашылығы болып табылды және осы жүкті заң консультанттарына бөліп беру ең тиімді және ұтымды болды.
Иә, мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында заң консультанттарының атқарып отырған жұмысы аз емес, бүгінгі таңда Шымкент қаласының заң консультанттары палатасы халыққа тегін заң консультациясын беру мақсатында 2024 жылы Шымкент қаласының әділет департаментімен және «Аманат» партиясының қалалық филиалымен бірлесе отырып жұмыс атқарды. Халыққа заң консультациясын беру бойынша ұйымдасқан іс-шаралар өз жалғасын табуда, мысалы биылдан бастап Шымкент қаласының әкімдігінің басшыларының, оның ішінде әкімнің, әкім орынбасарларының, аппарат басшысы мен оның орынбасарларының халықты қабылдауы кезінде Шымкент қаласы заң консультанттары палатасының заң консультанттары халыққа мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында халыққа тегін заң көмегін көрсетіп жатыр. Бұндай тәжірибені арттыру мақсатында осындай акцияны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті органның территориялық органдарында, құқық қорғау органдарында жүргізуді ұсынамын.
Бұдан бөлек, қолданыстағы заңнама бойынша заң консультанттарының көмекшілері болуы мүмкін. Көмекші болып табылатын жоғары курс студенттері үшін екі жылдық өтілге есепке алу мүмкінді жас мамандарға мамандыққа қол жеткізуге және бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді.
Шымкент қаласы заңгерлер палатасының заң консультанты
Алтынбек Сапаралы.