ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚАЛАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚАЛАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Қоғамдық кеңес отырысында Шымкент қаласының бас жоспары талқыланып, бірқатар ұсыныс айтылды. Қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастыр басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Жүнісбеков Бас жоспарды жасақтау барысында ТМД елдерінің озық тәжірибесі қолданылып жатқанын айтты.

–Көлік инфрақұрылымын дамыту үшін Киев, Краснодар және Минск қалаларының бас жоспарының тәжірибесі пайдаланылды. Жоспарды әзірлеу барысында екі рет қоғамдық талқылау өткізіліп, тұрғындардың ұсынысы тыңдалды. Қазіргі таңда қала әкімдігінің тиісті басқармалары, департамент, монополистік ұйымдарымен бірлесе қаланың 2035 жылға дейінгі даму кезеңіне арналған бас жоспарының жобасына келісу жұмыстары жүрігізіліп жатыр. Ал, наурыз айында қаланың жоба құрылыс басқармасының кешенді сараптамасынан өтеді. Одан кейін, қалалық мәслихатқа бас жоспардың негізгі ережелерін ұсыну көзделіп отыр. Мамыр айында ҚР Үкіметінің бекітуіне жолданады, -деді Н.Жүнісбеков.

Бас жоспар жобасын әзірлену барысын тыңдаған қоғамдық кеңес мүшесі Мырзахмет Сынабаев тұрғын үй құрылысы бойынша Тәшкент қаласының тәжірибесін қолдануды ұсынды. Яғни, магистралды көшелердің бойына көпқабатты үйлерді көптеп салу керек дегенді алға тартты.

Шымкент қаласының бас жоспарын әзірлеуге «Градкомплекс» ЖШС-і мен сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары арасында 2021 жылдың 15 шілдесінде келісімшарт түзілген болатын. Жоспарды жасақтау мақсатында Украина мен Ресейдің білікті мамандары жұмылдырылған.