ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде білім, құрылыс басқармалары мен Төтенше жағдайлар департаментінің атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары қаралды.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев 2024 жылдың 1-жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы баяндады. Қалалық құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаев шаһарда құрылыс сапасын арттыру бағытында қолға алынған іс-шаралардың барысынан хабардар етті. Сондай-ақ, кеңесте білім басқармасы басшысының орынбасары Елдос Саметов мектеп оқушылары арасында суицид мәселесі өзекті екенін және оны шешу бағытындағы жұмыстардың нәтижелерін айтты. Соңғы уақыттары оқушылар арасында суицидтің артып жатқанына байланысты мектеп психологтарының санын көбейтуде бірқатар іс-шаралар атқарылуда.

Қоғамдық кеңес мүшелері тасқын суларды болдырмауда ирригациялық жүйелер құрылысын дамыту, су жиналудың алдын алу бағытында бірқатар мәселелер көтеріп, өз ұсыныстарын жеткізді.

О.Тәжібаевтың айтуынша, жылдың аяғына дейін “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы бойынша 12 мекептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Қоғамдық кеңес мүшелері қалада көпқабатты тұрғын үй құрылысының сапасын арттыру, кепілдік мерзімін ұзарту бағытында бірқатар ұсыныстарын айтты.

«Шымкент келбеті