Шымкенттің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қала мәслихатының депутаттарымен бірлесе қоғамдық көлік қызметінің сапасын бақылады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын анықтайтын іс-шара барысында Таскен елді мекеніне қызмет көрсететін №15 автобустың жұмысы бақылауға алынды.
Бұл бағыт 6 кестемен, яғни 20 минут жиілікпен қызмет көрсетіп келген еді. Тұрғындардың өтініші бойынша 12 шілдеден бастап 7 кестеге ұлғайтылып, аралық жиілігі 15 минут болды.
Сонымен бірге тексеру барысында № 65 бағыттағы қоғамдық көлікте бірқатар кемшіліктер анықталып, тасымалдаушы мекеме басшысына ескерту жасалды. Ал, «Т-Bus» тасымалдаушы мекемесіне қарасты №44 қоғамдық көлік тиісті деңгейде қызмет көрсетіп жатқандығы белгілі болды.