Қоғамдық көліктерде медициналық маска таратылды

Қоғамдық көліктерде медициналық маска таратылды

Шымкентте коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін қоғамдық көліктерде тәулігіне екі рет дезинфекция жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Залалсыздандыру жұмысы теміржол вокзалы, халықаралық әуежай мен адам көп шоғарланатын қоғамдық орындарда да жүргізіліп отыр.

Қазіргі таңда дезинфекциялауға 30 маман жұмылдырылған. Карантин талаптары бойынша ревизорлы бақылау қызметкерлерінің киім үлгісіне өзгеріс енгізілген.

Жалпы, қалада 16 тасымалдаушы компанияның 1 050 көлігі тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Карантин талабына сәйкес жолаушыларға медициналық масқа тағу міндеттелген. Осыған байланысты бүгін қоғамдық көліктердегі жолаушыларға демеушілер есебінен 1000 дана медициналық масқа таратылды.