Қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе мен Қостанайда жол жабылды

Қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе мен Қостанайда жол жабылды

Елімізде күн райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі тасжолдарға шектеу қойылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat.kz

Ақтөбе облысында жүк және қоғамдық көліктер үшін:

«Самара-Шымкент» 776-1153 шақырымында («ЭКО ОЙЛ» ЖҚБ мен (М-32 и А-26) жол айырығы).

«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 0-234 шақырымында (Қарабұтақ ауылы мен Қостанай облысының шекарасы).

Ал, автокөліктің барлық түрлері үшін: «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-257 шақырымында (Қандыағаш және Шалқар қалаларының аралығы).

«Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» автожолының 100-180 шақырымында, атап айтқанда Қандыағаш қаласы мен Шұбарқұдық ауылының аралығындағы учаскеде (учаске реконструкциялануда) жол жабылды.

Қостанай облысында:

Жүк және қоғамдық көліктер үшін «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 234-368 шақырымында (Ақтөбе облысының шекарасы мен Денисовка ауылының аралығындағы учаскеде) тасжолға шектеу енгізілген.