Қала әкімі Мұрат Әйтенов Д.Қонаев даңғылындағы жолайрық құрылысының ІІІ кезеңде атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Д. Қонаев даңғылындағы құрылыстың ІІІ кезеңі бойынша бүгінге дейін 691 млн. теңге игерілген. Нысанның жалпы құны – 6,1 млрд теңгені құрайды.
ІІІ кезең бойынша мемлекет мұқтажына 42 учаскені алу қажет. Оның ішінде, бүгінде 12-сі өтемақыға келіскен, ал 23-мен келісімшарт жасасуда.
Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 608 м кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілері және 24 бағана орнату жұмыстары орындалды. Қазіргі уақытта уақытша айналма темір жолының 2 бағыты негізгі магистралды темір жолға қосылды. Темір жол астынан өтетін жол өткелін салу үшін бірінші кезекте кедергі келтіретін 6 үйді алып тастау қажет.