Қонаев даңғылының жалғасы кестеге сай жүргізілуде

Қонаев даңғылының жалғасы кестеге сай жүргізілуде

Шымкент қаласында Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Түркістан көшесінен «Ескі қалашық» аумағына дейінгі аралықта жүргізіліп жатқан 1 кезең жұмыстарының 94 пайызы орындалған. Осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.

Нысанның жалпы ұзындығы 580 м. Қазіргі таңда жол жамылғысымен бірге 400 м асфальт төсеу жұмыстары аяқталған.

Қонаев даңғылы жалғасының екінші кезеңі бойынша Әйтеке би көшесімен ұзындығы 600 м жол асты өткелін салу бойынша инженерлік желілердің орындары ауыстырылып, Қонаев даңғылымен Тәуелсіздік көшесі қиылысындағы тоннель өткелі бойынша свай қағу жұмыстары атқарылуда. Нысан келесі жылға өтпелі болып жоспарлануда.

Ал, Терешкова көшесінен Бөгет көшесіне дейінгі аралықта салынып жатқан Қонаев даңғылы құрылысының 3 кезеңі бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020-2021жж аралығына жоспарланған. Кезеңнің жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені 42 метрді құрайды.

Бүгінге дейін екі бағытты айналма темір жолын, кәріз құбырын салу, кабель желілері мен темір жол электр бағаналарын және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің свай құю, жер жұмыстары және темір жол көпірінің негізін құю, теміржол балкаларын орнату, темір жол астынан өтетін жол өткелінің қазу жұмыстары орындалды.

Қазіргі уақытта, тіреу қабырғаларын құю, инженерлік желілердің орнын ауыстыру мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстары жүргізілуде.