​Қонаев құрылысының І кезеңі маусым айында аяқталады

​Қонаев құрылысының І кезеңі маусым айында аяқталады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кезекті рет Қонаев қаңғылы мен Рысқұлов көшесі қиылысындағы жолайрығы құрылысының барысын көрді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Аталған нысанда бүгінге дейін 3,74 шақырым су, газ құбырлары мен 4 шақырым электр сымдарының орны ауыстырылып,7 дана бағана орнатылды. 320 метр жер асты өткелі қазылса, 260 метр тіреу қабырғалары мен 110 дана қада құю жұмысы аяқталған. Жер асты өткелінің ішкі қабырғаларын гранит тақтайшалармен қаптау жоспарланып отыр.

Шаһар басшысы жол жөндеу жұмысы барысында бірінші кезекте сапаға мән беруді ескертті. Техникалық қадағалаушылар тарапынан орындалған әрбір жұмысқа зертханалық сынақтамалар жүргізіліп, сапасы тексерілуі тиіс екенін айтты.

Мұнан кейін қала әкімі Қонаев даңғылы жалғасының құрылысын барып көрді. Нысанның жалпы ұзындығы 580 метр. Көшенің ені 42 метр, 6 жолақты. Бүгінде жол жамылғысымен бірге 400 метр жұмыс аяқталған. Көше құрылысы үшін жеке меншік үйлерді мемлекет иелігіне алғаннан кейін қалған бөлігін құру жұмысы жүргізіледі.

Құрылыстың І кезеңін аяқтау осы жылдың маусым айына жоспарланған. Ал нысанның ІІ кезеңінің құрылыс жұмысы «Магнолия» дүкенінен Терешкова көшесіне дейінгі аралықта жеке меншік үйлерді мемлекет иелігіне алғаннан кейін басталады.