Коронавирус инфекциясы анадан балаға беріле ме?

Коронавирус инфекциясы анадан балаға беріле ме?

Shymkentaqparat тілшісінің бұл сұрағына қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Тимирхан Варзилов жауап берді.

– Коронавирус ана сүті арқылы да, амниотикалық сұйықтық арқылы да балаға жұқпайды. Себебі, бұл ауа арқылы таралатын ауру. Әрине, барлық сақтық шаралар қатаң сақталады. Бірақ анаға баланы емізуі үшін ешқандай шектеу қоймаймыз, - дейді білікті дәрігер.


Естеріңізде болса, жыл басында екі бірдей өкпесі қабынған жаңа туған ананы дәрігерлер аман алып қалған болатын. Тыныс жетіспеушілігі қатты байқалған әйелге ақ халатты абзал жандар толық ем көрсетіп, науқас 12 күн ішінде ауруханадан шығарылған еді.

Фото: ашық дереккөз