Ковидпен күресте ішуге болмайтын дәрілер анықталды

Ковидпен күресте ішуге болмайтын дәрілер анықталды

Американдық медицина ғылымдарының докторы Джошуа Шаффцин COVID-19 жұқтырғанда ішуге болмайтын дәріні атады, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz әлемдік дереккөзге сілтеме жасап

Дәрігер құрамында лоперамид бар диареяға қарсы препараттарды қолдануға мүлде болмайтынын және науқасқа кері әсерінің көп екендігін айтады. Мәселен, мұндай медикаменттер асқазан жұмысын бәсеңдетеді, ол организмнің бактериялар мен асқынулардан тазалануына жол бермейді. Дәрігер мұндай жағдайда суды көбірек ішіп, табиғи процеске кедергі жасамау керегін нұсқаулық ретінде көрсетеді.

Сондай-ақ егер науқаста демігу пайда болса, ингаляторларды қолданбау керек, себебі жүрекке зиян. Маман құрамында фенилафрин бар кез келген дәрі жүрек жұмысына кері әсері бар екенін айтады. Мұндай ингредиент мұрынға арналған көптеген спрейдің құрамында болады екен.

Джошуа Шаффцин әсіресе қан қысымы жоғары адамдарға аталған дәрілерді арнайы маманның тағайындауынсыз өздігінен тұтынбауға кеңес берді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны артуда. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы бір аптаның ішінде қалада COVID-19 белгілері бар 102 науқас анықталған. Науқаспен қарым-қатынаста болған 444 азамат тіркеліп, дәрігерлердің бақылауына алынған.

Осы ретте басқарма мамандары жұқпалы инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігін ескертеді.

Фото: ашық дереккөз