Шымкентте алтын құрсақты аналардың қатары тағы да толықты. Әл-Фараби ауданы әкімі Р.Мыңбаев ауданның көп балалы аналарымен кездесіп, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табыстады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Әл-Фараби ауданында 439 алтын және 1300 күміс алқа иегері болса, бүгін олардың қатарына 3 «Алтыналқа» мен 12 «Күміс алқа» төсбелгісін таққан аналар қосылды.
–Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Әр адамның арманы-баласын биіктен көру. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымасбереке-бірлік тілеймін.Отбасыларыңыздың ұйытқысы болып, ақ жаулықты әже атаныңыздар,-деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.
Айта кетсек, жыл басынан бері ауданда 18 анаға «Алтын алқа», 72 анаға «Күміс алқа»табысталған болатын.