Шымкентте 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған азық-түлік жәрмеңкесі басталды. Бұл сауда-саттық іс-шарасына шаһардағы 40-тан аса компания мен ауылшараушылық өндірушілер, жеке кәсіпкерлер қатысуда, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Көрме» орталығы директорының орынбасары Ғибадат Нәжімеденнің айтуынша, мереке қарсаңында, атап айтсақ наурыздың 4-7 аралығында қала тұрғындары үшін азық-түлік пен жеміс-жидектер, сүт және ет өнімдері, сондай-ақ, тұрмысқа қажетті тауарлар базар нарығынан арзан бағада саудаланады. Одан басқа да киім-кешек пен кілемнің сан алуан түрі келушілерге ұсынылған.
Арзан азық-түлікпен қамдануға келген қала тұрғындары, сонымен қоса жергілікті өндірушілерге де қолдау көрсетуде.
1Қалалық тұтынушыларға өз талғамдарына қарай жергілікті өнімді тиімді бағамен сатып алуға кең мүмкіндік туды", - дейді ұйымдастырушылар.
Жәрмеңке таңғы 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін төрт күн бойы жалғасады.