«Құрық» құрсауынан жол іздеді

«Құрық» құрсауынан жол іздеді

Бүгін Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында Б.Айдарбековтің «Жиһад» пьесасының желісімен «Құрық» спектаклі сахналанды. Шымкент қалалық Дін істері басқармасының тапсырысы негізінде сахналанған әлеуметтік драма бүгінгі қоғамның өзекті мәселесін қаузаған.

«Құрық» әлеуметтік драмасында бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер —дәстүрлі діннен адасу, ұлттық, руханиқұндылықтардан ажырап, материалдық жағдайды алдыңғы қатарға қою, байлыққа құмартқан пендешілік жайы баяндалған.

Оқиғаның бас кейіпкері Нүркен/актер Б. Рахман/ досы Омарменбірге мешітке барып,намазға жығылуға ниеттенеді. Алайда анасы Сәнімгүл/ актриса Б. Қожамұратова/ ұлының досы Дастан/Н.Орынбек/ секілді қалталы болғанын қалайды. Қайда,қандай жұмыс екеніне көзі жетпесе де,Нүркенді Дастанға аманаттап,шетелге жібермекші болады. Режиссер жастар арасындағы діни сауаттың төмендігін,олардың материалдық тәуелділік салдарынан өз тағдырына балта шабуын Нүркеннің түсі арқылы ерекше суреттеген. Елден жырақта экстремистік топтардың дәстүрлі діндерге қайшы әрекеттерін,мәңгүрттік психологиясын аян арқылы сезінген Нүркен елде қалудың амалын іздейді.

Театрсүйер қауым қойылымды ерекше ықыласпен тамашалап,бүгінгі қоғамның өзекті мәселесін ашық сахналаған өнерпаздарға қошемет көрсетті.

«Шымкент келбеті» — Замира АЛДАБЕРГЕНОВА.

Суреттерді түсірген Серік ҚОСАЕВ.