Құрылыс қалдығын көшеге төккен азаматтарға айыппұл салынды

Құрылыс қалдығын көшеге төккен азаматтарға айыппұл салынды

Шымкент қаласының тазалығынқамтамасыз ету мақсатындаӘл-Фараби ауданы әкімдігінің өкілдері тәртіп сақшыларымен бірлесе рейд шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Тексеру барысыныда ауданда құрылыс қалдықтарын көше бойына төккен кәсіпкерлер анықталған.

«Кезекті тексеру жұмыстары кезінде Қазиев көшесі бойындағы 5 кәсіпкерлік нысанда заңбұзушылықтар анықталды. Аталған көше бойына құрылыстық және тұрмыстық қалдықтарды тастағаны үшін 5 азаматқа ескерту беріліп, хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына сәйкес 1 715 хаттама толтырылып, айыппұл салынған.