КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасында Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша арнайы жиын өтті. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев, Shymkent Invest – Front Office директоры Дінмұхамед Зиятбеков және кәсіпкерлер қатысып, жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

-Президент Жолдауында кәсіпкерлікке, инвестиция тартуға, жалпы, экономиканы дамытуға баса назар аударылды. Бүгінде Шымкент қаласында өнеркәсіпті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестиция тарту бойынша әкімдік тарапынан ауқымды жұмыс атқарылуда. Арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды аймақтар құрылып, кәсіпкерлерге жобаларын дамытуға жағдай жасалып жатыр. Қала аумағындағы 7 өндірістік алаңның жалпы аумағы 1276 гектарды құрайды. Осы орайда өз ойларыңызды бен ұсыныстарыңызды тыңдауға арнайы жүздесіп отырмыз, – деді кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Е.Тұрманов.

Жиын барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды. Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев қазақстандық өндірушілердің сертификатына байланысты ақпарат бөлісті, ал Shymkent Invest – Front Office директоры Дінмұхамед Зиятбеков инвестициялық жобалар бойынша сұрақтарға жауап берді.

«Шымкент келбеті»