KUNDELIK.KZ: Шымкенттік мұғалімдер «Алтын түймеге» ие болды

KUNDELIK.KZ: Шымкенттік мұғалімдер «Алтын түймеге» ие болды

Шымкент қаласының ұстаздары Kundelik.kz электронды журнал жүйесінде жыл басыннан белсенділік танытып, бірінші орыннан көрінді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қазіргі таңда, жүйедегі белсенділік 97,3 пайызды құрап отыр. Өткен жылдың ІІ-жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ең үздік болған Шымкент шаһары Kundelk.kz атынан «Алтын түймеге» ие болды.

Айта кетейік, өткен аптаның қорытындысы бойынша электронды жүйеде аймақтық белсенділікте Шымкент ең үздік нәтижені көрсетіп отыр. Екінші орында Атырау облысы, үшінші орынды Алматы қаласы иеленді.