Қуыршақ театрының Өзбекстанға гастрольдік іссапары басталды

Қуыршақ театрының Өзбекстанға гастрольдік іссапары басталды

Бүгін Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының Өзбекстан Республикасына «Шымкент шашу» гастрольдік іссапары басталды. Іссапар мақсаты — екі ел арасындағы мәдени-рухани байланысты нығайту, қуыршақ жасау, қуыршақ өнерін дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру ,- дейді Ташкент қаласынан хабарласқан театрдың директоры Самат Алтай.

Гастольдік сапар театрдың 40 жылдық мерейтойы аясында қолға алынып отыр. Шымкенттік өнер майталмандарының сапары 3-8 сәуір аралығында Ташкент және 10-14 сәуір аралығында Самарқанд қалаларына жоспарланған.

— Алдымен өзбекстандық көрермен назарына Е.Локшинаның «Виини Пух» интерактивті ертегісі ұсынылып, қойылым әсіресе балаларға қуаныш сыйлады. Бұдан кейін Өзбекстан Мәдениет және өнер институты студенттеріне қуыршақ жүргізу бойынша ашық семинар ұйымдастырылды. Семинар салтанатты түрде ашылып, оған Өзбекстан Республикасы мәдениет және туризм министрлігінің өкілі, Самарқанд қуыршақ театры, Қаттақорған театры мен Өзбекстан мәдениет және өнер институтының студенттері және қуыршақ театры майталмандары қатысты,- деді Самат Алтай.