​КВИ: Әл-Фараби ауданында 6 мобильді топ құрылды

​КВИ: Әл-Фараби ауданында 6 мобильді топ құрылды

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы аумағында COVID-19-ға қарсы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына қатысты 6 мобильді топ құрылды. Олар аймақтағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарына мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Мониторинг жұмыстарының барысында карантин шараларын сақтамаған жалпы 258 жеке және заңды тұлға анықталған. Аудандағы эпидемиологиялық талаптарды сақтамаған кәсіпкерлерге салынған айыппұлдың жалпы соммасы 15 071 130 теңгені құрады. Ал кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға толтырылған хаттама саны -247.

Айта кетейік, аудан аумағында халық сұранысын өтеп тұрған жалпы 3 базар, 7 ірі сауда орталықтары бар. Сонымен бірге 575 азық-түлік дүкені мен 1 271 тамақтану орындары тіркелген.