ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус бойынша еліміз өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
30 сәуірдегі мәлімет бойынша:
«Қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта – Шымкент қаласы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары тұр.
«Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.
Айта кетейік, 29 сәуір күні коронавирус ахуалын бағалау матрицасында Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысы «қызыл» аймақта тұрған болатын.