Шымкентте КВИ-ге қарсы екпе салдыруға тұрғындардың белсенділігі артқан Бүгінде қала контингентінің 30 % астамы вакцина салдырды, деп хабарлайды Shymkentaqparat қала әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Бұл жөнінде Үкіметтің селекторлық отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.
– Шымкент республика бойынша ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакциналау бойынша көш бастап тұр. Ол үшін мегаполисте 43 стационарлық және 25 жылжымалы бекет ұйымдастырылған болатын. Көңіл қуантарлығы, жергілікті тұрғындардың вакцинаға деген ықыласы жақсы. Вакцина жүргізу үшін 753 медицина қызметкері арнайы оқу курсынан өтті, - деді қала әкімі өз баяндамасында.
Айта кетейік, вакцинацияға қатысты қала тұрғындарынның кез келген сауалына жауап беретін қала әкімдігі жанынан ашылған Сall-center тәулік бойы жұмыс жасауда. Сонымен бірге қаладағы кәсіпкерлік нысандарының жұмысы тұралатпау үшін арнайы «Ashyq» жобасы қолданысқа енгізілді. Қазіргі таңда аталған қосымшаға 428 нысан тіркелді.