КВИ: Шымкентте өткен тәулікте 91 жағдай тіркелді

КВИ: Шымкентте өткен тәулікте 91 жағдай тіркелді

Қазақстанда коронавирус таралуы бойынша 5 өңір «қызыл» аймақта тұр. Соңғы мәлімет бойынша Ақтөбе облысы «жасыл» аймаққа кірді, - деп хабарлайды Shymkentaqparat coronavirus2020 сайтына сілтеме жасап

27 мамырдың КВИ жағдайы бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалдың матрицасы мынадай болды.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары. «Сары» аймақта: Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Ал «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары бар.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасның хабарлауынша коронавирус жұқтырған 91 жағдай тіркелді. Оның 17-і инфекциялық стационарға жатқызылса, 74 адам үй бақылауына алынған.

Шаһарда өткен тәулікте КВИ-ге1 585 адам екпе салдырды: I компонент – 655, II компонент – 930. Егу науқаны басталғалы барлығы 172 165 адам вакциналанды. Оның ішінде 78 532 адам екпенің екі компонентін алды.

Айта кетсек, қаладағы инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын қаралған. Эпидемиологиялық жағдайға қарай төсек-орын саны артады.