9 шілдеден бастап Әл-Фараби аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы жөндеу жұмыстарына уақытша жабылады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы Жангелдина көшесі 13 "А" ғимаратында орналасқан ХҚКО 9-шілдеден бастап 30 күнге жөндеу жұмыстарына байланысты жабылатынын хабарлайды.
Жөндеу жұмыстарына байланысты Әл-Фараби аудандық ХҚКО -ның қызметкерлері қызметалушыларды Мәделі Қожа 1"Г" мекенжайында орналасқан Тұран аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында қабылдайтын болады. Сондай-ақ дайын құжаттарды Тұран орталығында беріледі.
Айта кетейік, Тұран аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді.
Мемлекеттік корпорацияның Шымкент филиалы клиенттерден орын алған жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді ХҚО және Egov mobile қосымшалары арқылы онлайн форматта алуға болады.
«Шымкент келбеті»