Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде аудан әкімі Рашид Мыңбаев мәлімдеді.
—Бүгінгі таңда Әл-Фараби ауданының даму барысы жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Аудан тұрғындары инфрақұрылым жүйелерімен 99 пайызға қамтылған. Тұрғындар тарапынан келіп түсетін шағымдар тұрмыстық қалдықтарға байланысты болатын. Аудан аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 214 қоқыс алаңша, онда 1037 қоқыс контейнерлері бар. Осы жылы 120 қоқыс алаңшасын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, 332 қоқыс жәшігін жаңарту үшін бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда, мемелекеттік сатып алу конкурсы өтуде.. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан аумағындағы орталық көшелерге көлемі үлкен мраморлық 200 қоқыс урнасы орнатылды, - дейді Р.Мыңбаев.
Сондай-ақ аудан әкімі Әл-Фараби ауданы аумағындағы 926 көпқабатты тұрғын үйдің 857-сі орталықтандырылған жылу қабылдайтынын, оның ішінде 455 көпқабатты үйге сығымдау жұмыстары жүргізіліп, қысқы жылу маусымына 50 пайыз дайын екендігін атап өтті.
Ауданда жол мәселесі де шешімін тауып, барлығы 28 көшеге ораташа жөндеу, 12 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылуда. Қазіргі таңда 13- көшеге асфальт төселген.