ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: 38 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: 38 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

2024 жылдың I жартыжылдығындағы Әл-Фараби ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды және алдағы жоспарларды баяндады.

Әл-Фараби ауданы инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100 % қамтылған. Аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аудан әкімдігі тарапынан 66 балалар ойын алаңшасын, 4 ашық спорт алаңшасын, 114 камера орнату, 118 көшені жарықтандыру және 3 аумаққа гүлзар салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, 38 көшеге (13 шақырым) асфальт, 58 ішкі орам көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына аяқ жол және 20 көшеге ирригациялық жүйелер салынады. 427 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы асфальт жолдары ретке келтіріліп, ағымдағы жөндеу жүргізілмек.

Аудан әкімі орынбасарының мәліметінше, жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында биыл 20 көпқабатты үйдің қасбеттерін реттеу және әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Оған қоса 20 көпқабатты үйдің қасбетін жарықтандыру, 7 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбетіне Мурал салу және 22 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту жоспарланған.

Аудан аумағындағы орталық көшелерге көлемі үлкен 657 дана темір қоқыс жәшігі (урна), қоқыс алаңшаларын жаңарту мақсатында 680 дана қоқыс контейнерлері орнатылады.

«Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 2023-2024 жылдары 34 жаяу жүргінші жолдардындағы тастар, 170 үй ауласындағы орындық тақтайшалары ауыстырылып, істен шыққан жабдықтар, қоқыс жәшіктері, қоршаулар қалпына келтірілді.

«Шымкент келбеті»